Семинарлар

Ұлттық биотехнология орталығы еліміздің ғылыми қызметкерлерінің жалпы деңгейін арттыруды өз мақсаттарының бірі деп есептейді. Осыған байланысты, ҰБО тілек білдірушілер үшін әртүрлі форматта оқыту іс-шараларын өткізеді: біліктілік арттыру курстары, семинарлар, практикумдар мен мастер-кластар.

Орталық биоинформатика, ПТР және ДНҚ секвенирлеу негіздері бойынша курстардан өту мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа, курстар мен семинарлардың тақырыптары орталық зертханаларының мамандануына және тыңдаушылардың мұқтаждығына қарай белгіленуі мүмкін.

Сабақтар шарт негізінде жүргізіледі.

Егер де сіз біздің семинарларға қатысуға қызығушылық танытсаңыз, қатысу (соның ішінде ҰБО-ға кіру құжатын ресімдеу) мен басқа да қосымша ақпарат алу жөнінде мәселелер бойынша мына телефон арқылы хабарласыңыз:+7 (7172) 70-75-26